NUR

Жаратылыс 16

1Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын.

2Сонда Сарай күйеуіне: — Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды. Ыбырам бұған көніп,

3Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →