NUR
Езра 5
1Сол кезеңде Хаққай пайғамбар және Иддоның ұрпағы Зәкәрия пайғамбар Яһуда мен Иерусалимдегі яһудилерге Құдайдың хабарларын жеткізіп жүрді. Олар мұны Исраилдің үстінен билік құрған Құдайының атынан істеді.
2Сонда Салатиел ұлы Зоробабел және Ехосадық ұлы Ешуа қайтадан іске кірісіп, Құдайдың Иерусалимдегі киелі үйінің құрылысын жалғастырды. Құдайдың пайғамбарлары қастарында бірге болып, оларды қолдап жүрді.
3Сол уақытта Батыс Евфрат өлкесінің әміршісі Татынай, Шетар-Бознай және олардың қызметтестері яһудилерге келіп, мынадай сауал қойды: «Осы үйді салып, құрылысын бітіріп қалпына келтіруге сендерге кім бұйрық берді?» —