NUR

Езекиел 41

1Содан соң хабаршы мені киелі үйдің қасиетті бөлмесіне алып барды. Соның кіреберісінің екі жағындағы шығыңқы қабырғаларды өлшеді. Олардың қалыңдығы алты шынтақ құрады.

2Кіреберістің ені он шынтақ, ал оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені бес шынтақтан болды. Хабаршы киелі үйдің қасиетті бөлмесін өлшегенде, оның ұзындығы қырық шынтақ, ені жиырма шынтақ екен.

3Содан соң ол ең қасиетті бөлмеге кірді де, оның кіреберістегі шығыңқы қабырғаларын өлшеді. Солардың әрқайсысының ені екі шынтақтан болды. Кіреберістің өз ені алты шынтақ, оның екі жағындағы шығыңқы қабырғалардың ені жеті шынтақтан болды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →