NUR

Езекиел 20

1(Біздің Бабыл еліне жер аударылғанымыздан кейінгі) жетінші жылдың бесінші айының оныншы күні Исраилдің ақсақалдарынан бірнеше адам Жаратқан Иенің еркін сұрап білу үшін менің алдыма келіп отырды.

2Сонда Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:

3«Ей, пендем, Исраилдің ақсақалдарына былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сендер Менің еркімді сұрап білу үшін келдіңдер ме?! Өзімнің атыммен ант етемін: Сендердің Менің еркімді сұрап білулеріңе жол бермеймін!» — Мәңгі тірі Жаратушы Тәңір Ие осыны нық айтады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →