NUR
Мысырдан шығу 7
1Содан Жаратқан Ие Мұсаға жауап беріп былай деді: — Біліп ал: Мен сені перғауынның алдында Құдай (іспетті құдіретті) етемін, ағаң Һарон (хабарыңды жеткізуші) пайғамбарың болады.
2Сен өзіңе бұйырғандарымның бәрін оған айтасың, ал Һарон перғауынға өз елінен Исраил халқын босатып жіберсін деп айтуға тиіс.
3Алайда Мен перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Мен Мысыр елінде көптеген ғажап істер мен кереметтерім арқылы Өзімнің кім екенімді дәлелдесем де,