NUR
Мысырдан шығу 38
1Беселиел мұнан кейін шалынған құрбандықтар өртеліп ұсынылатын үстелді аққараған ағашынан жасатты. Үстел төрт бұрышты, ұзындығы мен ені бес, биіктігі үш шынтақтан еді.
2Төрт бұрышынан мүйіз тәрізді шығып тұрған төрт шошақ үстелмен біртұтас болды. Үстел соңынан қоламен қапталды.
3Оның мына құрал-саймандарының бәрі қоладан жасалды: күлсалғыштар, қалақтар, (қан бүркуге арналған) тостағандар, шанышқылар және шоқ салатын табалар.