NUR

Мысырдан шығу 17

1Осыдан кейін Исраил үрім-бұтағының қауымы Син атты елсіз даладан шығып, Жаратқан Иенің бұйрығымен көштерін әрі қарай жалғастырды. Олар Рефідимге жайғасты, бірақ ол жерде ауыз суы болмады.

2Халық Мұсаға ұрсып: — Бізге су тауып беріңдер! — деп талап етті. Мұса оларға: — Сендер неге маған ұрсасыңдар? Жаратқан Иеге сенбеушілік танытып, Оны еркінсіп сынамақсыңдар ма? — деп жауап берді.

3Алайда халық шөлдегендіктен Мұсаға қарсы наразылық білдіруін қоймай: — Бізді Мысырдан неге алып шықтың? Өзімізді, балаларымызды, мал-жандарымызды шөлден қатыру үшін бе? — деп шағымданды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →