NUR
Мысырдан шығу 16
1Исраил үрім-бұтағының бүкіл қауымы Елимнен шығып, сол жер мен Синай тауының арасындағы Син атты елсіз далаға барды. Бұл Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі екінші айдың он бесі күні болатын.
2Сол айдалада күллі қауым Мұса мен Һаронға қарсы наразылық білдіріп:
3«Мысыр елінде Жаратқан Иенің қолынан өлгеніміз жақсы болған болар еді! Ол жерде етке толы қазанды айнала отырып, нанды тойғанымызша жеп жүрдік. Ал сендер бізді бүкіл қауымды аштан қатыру үшін осы шөл далаға бастап алып келдіңдер», — деп күңкілдеді.