NUR

Мысырдан шығу 13

1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:

2— Исраил үрім-бұтағының тұңғыш туғандарының бәрін: адам баласынан бастап малдың төліне дейін Маған бағыштаңдар! Олар Менікі.

3Мұса халыққа былай деді: — Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер!

Nur ilovasida to'liq o'qish →