NUR
Мысырдан шығу 10
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды: — Перғауынға қайтадан бар! Мен перғауынның және нөкерлерінің жүректерін қасарыстырып қойдым. Мұндағы мақсатым: олардың араларында осы керемет істерім арқылы өз құдіретімді көрсетуім
2әрі сендердің Менің мысырлықтарға билігімді қалай паш еткенім туралы балаларың мен немерелеріңе әрдайым айтып жүріп, Менің Жаратқан Ие екенімді білулерің.
3Мұса мен Һарон перғауынға тағы да барып, былай деді: — Исраилдіктердің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: «Сен қашанға дейін Маған бағынудан бас тартпақсың? Халқымды Өзіме ғибадат етуге жібер!