NUR
Естер 7
1Осылайша патша мен Хаман Естер патшайымға тағы да қонақасына келді.
2Олар сол екінші күні тамақ ішіп отырған кезде патша қайтадан Естерге сауал қойып: — Тілегің қандай, Естер патшайым? Ол орындалады. Қандай өтінішің бар? Патшалықтың жартысы болса да, саған беріледі! — деді.
3Сонда Естер патшайым былай деп жауап берді: — Уа, патшам, егер маған мейіріміңіз түссе, әрі патша ағзам мақұл көрсе, маған өмірім аман қалдырылса екен! Тілегім — осы. Халқымның өмірі де аман сақталса екен! Өтінішім — осы.