NUR
Даниял 7
1Белшазардың Бабыл еліне билік құрған бірінші жылы Даниял төсегінде жатқанда түсінде түрлі көріністер көрді. Содан ол түсінің мазмұнын жазып қалдырды.
2Онда Даниял былай деп баяндады: — Түнде көрген түсімде аспанның төрт бағытынан қатар соққан желдің ұлан-ғайыр теңіздің астан-кестенін шығарып, сапырып жатқанын көрдім.
3Сол кезде теңізден бір-біріне ұқсамайтын үлкен-үлкен төрт айуан шыға келді.