NUR

Елшілердің істері 28

1Енді құтқарылғаннан кейін біз аралдың Мальта екенін білдік.

2Тұрғындары айрықша адамгершілік танытып, от жағып, бізді өздеріне шақырды. Себебі жаңбыр жауып, күн суытып кеткен еді.

3Пауыл бір құшақ отындық ағаш жинап әкеліп, отқа тастағанда, шыбықтардың арасынан ыстыққа шыдамаған бір улы жылан атып шығып, оның қолынан тістеп, жабысып алды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →