NUR
Елшілердің істері 22
1— Уа, бауырластар және ақсақалдар! Өзімді алдарыңызда ақтайтын сөзіме құлақ салыңыздар! —
2Пауылдың еврейше сөйлегенін естігенде олар бұрынғыдан бетер тынышталып тыңдай қалды. Сонда Пауыл былай деді:
3— Мен яһудимін, Кіликияның Тарс қаласында тудым, ал осы қалада өсіп, атақты Гамалиелден тыңғылықты тәлім алдым. Ата-бабаларымыздың Таурат заңын мұқият сақтай отырып, осы тұрған өздеріңіз сияқты Құдайдың құрметі үшін жан-тәніммен ұмтылдым.