NUR

Елшілердің істері 10

1Сол кезде Кесарияда Корнел есімді кісі тұратын. Ол «Италиялық жасақ» деп аталған әскер бөлімінің жүзбасы еді.

2Үй ішімен шын жүректен Құдайды қастерлейтін Корнел яһуди халқының кәріп-қасерлеріне көп қайырымдылық жасап, ұдайы Құдайға сиынып мінажат етіп жүретін.

3Бір күні түс қайта сағат үш шамасында Корнел Құдайдың бір періштесінің берген аянын анық көрді. Періште үйге кіріп, Корнелдің қарсы алдына тұра қалып: — Корнел! — деп тіл қатты.

Nur ilovasida to'liq o'qish →