NUR
Жоханның 3-хаты 1
1Ақсақалдан өзі шын жүректен жақсы көретін қымбатты Гайға дұғай сәлем!
2Сүйікті бауырым! Сенің рухани өміріңнің сау болғанындай, саған барлық жағынан да Құдайдан игілік пен денсаулық тілеймін.
3Кейбір бауырластар келіп, сенің шындыққа адал болып, үнемі шындық жолымен жүріп келе жатқаныңды хабарлағанда, мен қатты қуандым.