NUR
Тімотеге 2 4
1Құдай (Әке) алдында және қайтып келіп көрініп, Патшалық құрғанда тіріні де, өлгенді де соттайтын Иса Мәсіх алдында саған мықтап ескертемін:
2Құдайдың сөзін уағызда! Мұны адамдарға ұнауы, ұнамауына қарамастан әрдайым орындауға табандылықпен ұмтыл. Олардың қателерін әшкерелеп, тыйым сал, әрі жақсылыққа жігерлендіре тұрып, зор сабырлылықпен тәлім бер!
3Себебі адамдар дұрыс тәлімді еш қабылдамайтын уақыт та туады. Олар жеке құмарлықтарының жетегінде кетіп, құлақтарына жағатындарды ғана айтатын тәлім берушілерді көптеп шақырып, соларды тыңдайтын болады.