NUR

Патшалықтар 2 12

1Содан Жаратқан Ие Дәуітке Натан пайғамбарды жіберді. Ол патшаға келіп, былай деді: — Бір қалада екі адам болды. Біреуі бай, біреуі кедей екен.

2Байдың малы көп болды,

3ал кедейдің сатып алған бір кішкентай қозысынан басқа түгі де болмады. Кедей соны бағып-қағып, қозы көз алдында балаларымен бірге өсті. Әлгі қозы қожайынының барлы-жоқты тамағын бөлісіп жеп, оның тостағанынан су ішіп, кеудесінде ұйықтап, оған өз қызы іспетті болды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →