NUR
Патшалықтар 2 11
1Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта Дәуіт Жоғабты, өзінің қызметшілерін және Исраилдің бүкіл әскерін жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бірақ Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды.
2Бір күні кешке қарай Дәуіт төсегінен тұрып, сарайының төбесінде әрлі-берлі жүрді. Төмен қараған ол шомылып жатқан бір әйелді көрді. Әйел өте сұлу екен.
3Дәуіт ол туралы сұрастыру үшін біреуді жіберіп, оның Елиямның қызы, хеттік Ұрияның әйелі Барсабия екенін біліп алды.