NUR

Патшалықтар 4 4

1Бірде пайғамбарлардың біреуінің әйелі Елішеге бас ұрып: — Мырза, менің күйеуім қайтыс болды, оның Жаратқан Иені терең қастерлеп өткенін өзіңіз білесіз. Ал енді, бізге қарыз берген адам екі ұлымды өзіне құл етіп әкетуге келіп отыр, — деді.

2Еліше одан: — Сізге қандай көмек көрсетейін? Айтыңызшы, үйіңізде не бар? — деп сұрады. Әйел: — Үйімде бір құты майымнан басқа түк те жоқ! — деп жауап берді.

3Еліше: — Онда көршілеріңізге барып, бос ыдыстарын сұрап алыңыз, тек аз емес, барынша көп сұраңыз.

Nur ilovasida to'liq o'qish →