NUR

Шежірелер 2 21

1Жосапат көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгенде, мәйіті олардың жанына Дәуіттің шаһарындағы қабірге қойылды. Оның ұлы Жорам орнын басып патша болды.

2Жорамның туған інілері Азариях, Ехиел, Зәкәрия, Азарияху, Михайл, Шафатиях еді; бұлардың бәрі Яһуда патшасы Жосапаттың ұлдары болатын.

3Жосапат көзі тірісінде оларға мол алтын-күміс пен құнды дүние-мүлік сыйлап, оның үстіне Яһудадағы бірнеше бекіністі қалаларды да енші ретінде берген еді. Ал Жорам тұңғышы болғандықтан, әкесі патшалықты оған қалдырып кетті.

Nur ilovasida to'liq o'qish →