NUR

Шежірелер 2 19

1Ал Яһуда елінің патшасы Жосапат Иерусалимдегі сарайына аман-есен қайта оралды.

2Сонда Ханани ұлы Еху атты пайғамбар оның алдынан шығып, былай деді: «Зұлым адамды қолдап, Жаратқан Иені жек көретіндерді жақсы көргеніңіз дұрыс па?! Осыны істегеніңіз арқылы өзіңізге қарсы Жаратқан Иенің қаһарын туғыздыңыз.

3Алайда сізден біраз жақсылық та табылды. Сіз Ашераға бағышталған ағаш бағаналарды елден құртып жоқ қылдыңыз, әрі шын жүректен Құдайға бет бұрып сиынған едіңіз», — деді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →