NUR
Патшалықтар 1 9
1Сол кезде Бунямин руында Қиш есімді абыройлы да ауқатты бір адам бар болатын. Ол Әбиелдің ұлы, Серордың немересі, Бехораттың шөбересі, Афияхтың шөпшегі еді.
2Қиштың Саул атты аса келбетті ұлы болды. Исраилдіктердің ішінде оған тең келетіндей денелі жігіт жоқ еді. Кез келген адамның бойы оның иығынан ғана келетін.
3Бірде Қиштың есектері адасып, жоғалып кетті. Сонда ол Саулды: «Балам, қызметші жігіттердің біреуін ертіп алып, есектерді іздеуге шықсаңшы», — деп жұмсады.