NUR
Патшалықтар 1 29
1Осы кезде філістірлер барлық жасақтарын Әфектің маңына жинаған болатын. Ал исраилдіктер Ізрелдің жанындағы бұлақ көзінің қасына қостарын тіккен еді.
2Філістір әміршілері жасақтарын жүзге, мыңға бөліп, сапқа тұрғызып өткізді. Дәуіт пен оның адамдары Анхұсқа еріп артқы жақта келе жатты.
3Філістір билеушілері: — Мына исраилдік жалдамалылар мұнда не істеп жүр? — дегенде, Анхұс: — Бұл бұрын Исраил патшасы Саулдың нөкері болған Дәуіт қой. Бір жылдан астам уақыт бойы қасымда жүр. Біздің жаққа өтіп келген күннен бері оның бойынан сезікті ештеңені байқамадым, — деп түсіндірді.