NUR

Патшалықтар 1 22

1Осылай Дәуіт Ғаттан кетіп, Адуллам үңгіріне барып, бас сауғалады. Бұл туралы оның ағалары мен туған-туысқандары естіп, қасына келді.

2Сонымен қатар, бастарына іс түскен, қарызға батқан немесе өмірге күйінген әр түрлі адамдар да маңайына жиналды. Дәуіт олардың басшысына айналып, қарамағында төрт жүздей кісісі болды.

3Дәуіт сол жерден Моаб еліндегі Миспаға барып, Моаб патшасына: «Құдайдың маған деген еркін біліп алғаныма дейін әке-шешем қастарыңызда тұра тұрсын!» — деп рұқсат сұрап алды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →