NUR
Патшалықтар 1 13
1Осылай бір жыл өтіп кеткен еді. Исраилге патшалық құрғанына екі жыл толғанда Саул
2исраилдіктердің арасынан үш мың ер адамды таңдап алды. Олардың екі мыңын өзімен бірге Миқмаста және Бетелдің қыратты айналасында, ал бір мыңын тұңғышы Жонатанмен бірге Буняминдегі Гибеяда орналастырды. Ал қалған адамдарды үйлеріне қайтарып жіберді.
3Бірде Жонатан філістірлердің Гебадағы қарауылшылар тобына шабуыл жасады. Філістірлер осы туралы естігендіктен, Саул бүкіл елде керней тартқызып, «Исраилдіктер құлақ салсын!» — деп жариялатты.