NUR
Патшалықтар 1 12
1Самуил бүкіл Исраил елінен жиналып тұрғандарға былай деп сөз сөйледі: — Уа, халайық, мен айтқандарыңның бәріне құлақ асып, патша тағайындап бердім.
2Енді, міне, сендерді бастап жүретін патшаларың осы. Ал мен қартайдым, басымды ақ қырау шалды. Ұлдарым да осында, сендердің араларыңда. Жас шағымнан осы күнге дейін мен өздеріңді басқарып келдім.
3Қазір алдарыңда тұрмын. Жаратқан Иенің және Оның тағайындаған патшасының алдында маған қарсы куә болыңдар: мен кімнің өгізін не есегін тартып алдым? Кімге қулық-сұмдық жасап, жәбір көрсеттім? Кімнен пара алып, әділдікті бұрмаладым? Егер солай істеген болсам, оның бәрін қайтарып беруге дайынмын. —