NUR
Патшалықтар 3 2
1Дәуіт өзінің көз жұмар кезі жақындағанда, ұлы Сүлейменге мынадай өсиет айтты:
2— Адам атаулы іспетті мен де бұ дүниеден өтпекшімін. Ал сен күшті де батыл ер азамат бол!
3Қайда барсаң да, не істесең де, табысты болуың үшін Құдайың Жаратқан Иенің өзіңе тапсырған міндетін орындайтын бол! Оның Мұса арқылы берген Таурат заңында жазылған барлық ережелері мен өсиеттерін, шешімдері мен бұйрықтарын бұлжытпай орындап, Оның ізгі жолымен жүретін бол!