NUR
Патшалықтар 3 11
1Алайда Сүлеймен көптеген шетелдік әйелдерге ғашық болды: перғауынның қызынан басқа оның моабтық, аммондық, едомдық, сидондық, хеттік әйелдері де болды.
2Жаратқан Ие (жалған тәңірлерге табынатын) осы халықтар туралы: «Олармен араласып, қыз алысып, қыз берісуші болмаңдар! Әйтпесе олар сендердің жүректеріңді өздерінің тәңірлеріне бұрып әкетулері сөзсіз!» деп исраилдіктерге ескерткен еді. Бірақ та Сүлеймен сол жат жұрттық әйелдерге ғашық болып жабыса қалуын қоймады.
3Жалпы, Сүлейменнің патша тұқымынан шыққан жеті жүз жұбайы және тағы үш жүз кәнизагы болды. Олар оны тура жолдан тайдырып әкетіп адастырды.