NUR
Қорынттықтарға 1 13
1Мен адамдардың түрлі тілдерінде Және періштелердің тілдерінде Жатық та мүдірмей сөйлей білсем де, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Сөздерім сыңғырлаған қоңырауға Әрі шылдырлаған асатаяққа Ұқсап мәнсіз боп қалады сонда.
2Мен Құдайдың хабарларын жеткізсем, Күллі құпия-сырларды да білсем, Әр түрлі білімді иемденсем, Тау қозғайтындай сенімге кенелсем, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Түкке де тұрмаймын мен онда.
3Егер үлестірсем бар байлығымды Бейшара жарлы-жақыбайларға, Тіпті құрбан қылсам да жанымды, Тәнімді қисам отқа жағуға, Бірақ егер сүйіспеншілігім болмаса, Маған келер пайда жоқ бұдан да.