NUR

Шежірелер 1 13

1Дәуіт өзінің барлық басшыларымен, мыңбасылары және жүзбасыларымен ақылдасып кеңесті.

2Содан ол Исраилдің бүкіл қауымына былай деп жариялады: — Егер бұл сендерге ұнамды және Құдайымыз Жаратқан Иенің еркіне сай болса, онда біз бүкіл Исраил елінің барлық жерлеріндегі өзге ағайындарымызға әрі қалалары мен елді мекендерінде тұрып жатқан діни қызметкерлер мен леуіліктерге хабар жіберейік. Олар да келіп, бізге қосылсын.

3Құдайымыздың Келісім сандығын өзімізге қайтарып алып келейік! Себебі Саулдың заманында біз оған тиісті көңіл бөлген жоқпыз. —

Nur ilovasida to'liq o'qish →