NUR

Римдіктерге 8

1Енді Иса Мәсіхпен тығыз байланыстағы адамдарға Құдай жазалау үкімін шығармайды. (Олар өздерінің ескі күнәкар болмысының емес, Құдайдың Киелі Рухының қалауына сай өмір сүреді.)

2Себебі Иса Мәсіхпен тығыз байланыстырып, жаңа өмір сыйлаған Киелі Рух мені күнәлі құмарлық пен рухани өлімнің күштеуінен азат етті.

3Біздің ескі күнәкар болмысымыз (Таурат заңын мүлтіксіз орындауға) дәрменсіз болғандықтан, осы заң істей алмағанды Құдайдың Өзі істеді: Ол Өзінің рухани Ұлын күнәміздің құнын өтеп құрбандық болу үшін күнәлі біздердің денеміздей денемен осы дүниеге жіберді. Біздің күнәмізге бола Құдай Оған үкім шығарып, Оның денесіне өлім жазасын тартқызды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →