NUR
Римдіктерге 3
1«Олай болса, яһуди болудың артықшылығы не? Сүндеттелудің пайдасы қандай?» (деп сұрауларың мүмкін.)
2Әрине, яһудилердің қай жағынан болса да артықшылықтары бар. Ең алдымен, Құдайдың сөзі ата-бабаларымызға сеніп тапсырылды.
3Рас, олардың біразы Құдайға адал болған жоқ. «Ал олардың адал болмағандығы Құдайдың өз уәдесіне деген адалдығын жоя ма?»