NUR
Аян 6
1Содан кейін мен «Тоқтының» жеті мөрдің біріншісін сындырып ашқанын көрдім. Сол кезде төрт нөкердің біреуінің күннің күркіріндей қатты дауыспен: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім.
2Қарап қалсам, алдымда ақ боз ат тұр екен. Ат үстіндегі қолына садақ ұстап, басына жеңімпаздың тәжін киіп алыпты. Ол өзінің өктемдігін орнату үшін елдерді жаулап алуға аттанды.
3Тоқты екінші мөрді сындырып ашқанда, екінші нөкердің де: «Аттан!» — деп шақырғанын естідім.