NUR

Аян 3

1Сардтағы қауымның періштесіне былай деп жаз: Бұл — Өзінде Құдайдың жеті Рухы әрі жеті жұлдызы Бардан хабар. Мен сенің істеріңді білемін; жұрт сені тірі деп санағанмен (рухани) өлісің.

2Оян! Өзіңде әлі де бар, бірақ жуырда өлмекші игі қасиеттеріңді нығайт! Себебі сенің істеріңді Құдайымның көз алдында жеткіліксіз деп таптым.

3Өзің тыңдап қабылдаған шынайы ілімді есіңе түсіріп, ұстанып, теріс жолдан қайт! Ал егер оянбасаң, саған ұры сияқты сап ете түсемін. Менің келетін уақытымды ешқашан біле алмайсың.

Nur ilovasida to'liq o'qish →