NUR

Аян 20

1Бұдан кейін мен көктен түсіп келе жатқан, қолында түпсіз тұңғиықтың кілті мен ауыр шынжыр ұстаған бір періштені көрдім.

2Ол айдаһарды ұстап алып, оны мың жылға шынжырлап тастады. Айдаһар — сол ежелгі жылан; ол ібіліс және әзәзіл шайтан деп те аталады.

3Әзәзілдің бұдан былай, мың жыл өткенше, халықтарды алдай алмауы үшін, періште оны түпсіз тұңғиыққа лақтырып жіберіп, есігін кілттеп, мөрмен бекітті. Ал осы кезең өткеннен кейін әзәзіл шайтан біраз уақытқа босатылуға тиіс.

Nur ilovasida to'liq o'qish →