NUR
Аян 19
1Бұлардан кейін мен жиналған көптеген халықтың айқайындай көктен шыққан зор дауыстарды естідім. Олар былай деді: «Жаратқан Иені мадақтаңдар! Құтқару мен салтанатты ұлылық, құдірет пен билік Құдайымызда!
2Оның үкімдері шынайы да әділ. Ол азғындығымен жер бетін бүлдірген аты шулы опасыз әйелді соттап, үкімін шығарды. Құдай өз қызметшілерінің төгілген қанының құнын одан талап етті».
3Сол дауыстар тағы да былай деп айқайлады: «Жаратқан Иені мадақтаңдар! Өртенген қаланың түтіні мәңгі шығып жатпақ!»