NUR
Забур 80
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық күй аспабының сүйемелдеуімен айтылатын Асафтың жыры.
1Күш-қуатымыз — Құдайға шаттана ән салыңдар, Жақып сиынған Құдайға қуана айқайлаңдар,
2Ән-жырлар айта бастап, даңғыраны соғыңдар, Домбыра, жетігенмен әсем әуен тартыңдар!
3Жаңа ай туғанда кернейде ойнаңдар, Ай толғанда да тойымызды жариялаңдар.