NUR
Забур 66
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ішекті аспаптардың сүйемелдеуімен айтылатын жыр әрі ән.
1Я, Құдай, рақымды болып, жарылқай гөр, Бет-жүзіңнің нұрын бізге түсіре гөр.
2Бүкіл жер бетінде Сенің жолың мәлім болсын, Барлық халықтарға құтқаруың аян болсын!
3Уа, Құдай, халықтар Сені мадақтай берсін, Күллі ұлттар Өзіңе мақтау айта берсін!