NUR
Забур 64
Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің әні әрі жыры.
1Сионда Саған, Құдай, мақтау арналады, Өзіңе берілген анттар орындалады,
2Мінажаттар құлағыңа жетеді, Барлық адамдар алдыңа келеді.
3Теріс істеріміз жаншып тұр бізді. Ал Сен кешіресің күнәларымызды.