NUR

Забур 61

Ән-күйдің жетекшісі Едутунге арналған Дәуіттің жыры.

1Жаным тыным табады жалғыз Құдайдан, Құтқарылуым келеді тек қана Одан,

2Ол ғана — паналайтын жартасым, Құтқарушым әрі заңғар қорғаным, Енді қайтып қатты шайқалмаймын.

3Қашанғы бас саласыңдар бір адамға? Теңселген дуал, қисайған қабырға Сияқтанған мені құлатпақсыңдар ма?

Nur ilovasida to'liq o'qish →