NUR
Забур 5
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, сыбызғылардың сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан Ием, сөзіме құлақ түре гөр, Қасіретті ойларыма көңіл бөле гөр,
2Құлақ салсаңшы дауысыма зар жылаған, О, Патшам, Құдайым менің, сиынамын Саған.
3Уа, Ием, ертеңгісін ести гөр дауысымды, Таң ата алдыңа келіп, күтемін жауабыңды.