NUR

Забур 41

Ән-күйдің жетекшісіне арналған Қорах ұрпақтарының насихат жыры.

1Марал қалай аңсаса мөлдір суды, О, Құдай, жаным солай Сені аңсайды.

2Жаным шын Құдайды іздеп шөліркейді, Қашан мен Құдайыма бара аламын, Қашан Оның алдында бола аламын?

3Көз жасымды көл қыламын күндіз-түні, Себебі адамдар менен күні бойы: «Құдайың қайда?» деп сұрай береді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →