NUR

Забур 3

Дәуіттің жыры. Ол Дәуіттің өз ұлы Абессаломнан қашып жүрген кезіне арналған.

1Уа, Ием, жауларым сонша көбейді, Көп адам маған қарсы көтерілді.

2Жұрт: «Құдай құтқармайды сол кісіні» Деп қатты күйзелтеді жан дүниемді.

3Ал, Ием, алдымдағы қалқаным Сенсің, Даңққа бөлеп, беделімді көтересің.

Nur ilovasida to'liq o'qish →