NUR

Забур 26

Дәуіттің жыры.

1Жаратқан — нұрым менің, құтқарушым да, Кімнен мен қорқамын солай болғанда? Жаратқан — өмірімнің берік қорғаны да, Кімнен үрейленемін солай болғанда?

2Мені жалмауға зұлымдар таяп қалса, Қарсылас, жауларым маған бас салса, Өздері-ақ сүрініп, жығылады да.

3Мен қорықпаймын, әскер қоршап алса да, Үмітім үзілмес, ол маған лап қойса да.

Nur ilovasida to'liq o'qish →