NUR
Забур 137
Дәуіттің жыры.
1Шын жүректен, уа, Ием, Сені дәріптеймін, Періштелер алдында әндетемін.
2Киелі үйіңе қарай иілемін, Берік рақымың мен адалдығың үшін Сенің атыңа шүкіршілік етемін, Өйткені дүниеде бар нәрселерден Атың мен сөзіңді жоғары қойдың Сен.
3Мінажат еткенімде жауап бердің, Жігер беріп, жанымды берік еттің.