NUR
Забур 10
Ән-күйдің жетекшісіне арналған Дәуіттің жыры.
1Ұдайы паналаймын Жаратқан Иені, Қалайша қорқытпақсыңдар былай деп мені: «Кәне, кетші ұшып тауыңа құс секілді!»
2Сол зұлымдар садақ иіп, жебе тартуда, Тасадан дайын тұр адалдарды атуға.
3Әділ жан не істейді, заңды негіз қираса?