NUR
Санақ 19
1Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға тіл қатып былай деді:
2«Жаратқан Иенің бұйырған заңының тағы бір ережесі мынау: Исраил халқына мынаны айту керек: Олар бір жирен баспақты алып келсін. Сол жас сиырдың барлық жері сау, ешбір кемістігі жоқ болсын және оған ешқашан мойынтұрық салынбаған болуы керек.
3Жас сиырды діни қызметкер Елазарға табыстасын. Содан соң мал ел қонысының сыртына шығарылып, біреу оны Елазардың көз алдында бауыздасын.