NUR
Санақ 14
1Сонда бүкіл қауым дауыс көтеріп, түні бойы азан-қазан жылаумен болды.
2Барлық исраилдіктер Мұса мен Һаронға наразыланып, бүкіл қауым болып: «Бізге баяғыда-ақ Мысыр елінде өлгеніміз жақсы болған болар еді! Немесе осы елсіз далада өлген болсақ қой! — деп күңкілдесті.
3— Жаратқан Ие бізді бұл елге неге алып келе жатыр екен? Сол жерде біз семсерден қырыламыз, әрі әйел, бала-шағамыз жауға олжа болмақ. Одан да Мысырға қайта оралғанымыз жақсы емес пе!» —