NUR
Санақ 12
1Мұса құштық әйелге үйленген болатын. Бір күні Мәриям мен Һарон соған бола Мұсаны сынады.
2Олар тағы былай деді: «Жаратқан Ие тек Мұсаға ғана сөйлеп пе еді? Ол бізге де сөйледі емес пе?» — Бұлары Жаратқан Иенің құлағына жетті.
3Ал Мұса жер бетіндегі барлық адамдардың ең кішіпейілі болатын.